Фото: qamshy.kz
Бүгін "Феминисттік ұйымдардың жылда 8-ші наурызда өткізетін митингтерінің көздегені не?" деген тақырыпта баспасөз конференция өтті. Шараға Алғадай Әбілғазы, Марат Тоқашбаев, Айдос Оразай және Әмір Мәуленов, Сеитов Совет Сауатұлы. Серікбол Молдаш қатысты.
Шараны ұйымдастырушы Бағила Балтабаеваның айтуынша феминизмге қатысты митингілер алғашқыда әйел мен бала құқығы, отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтып, кейін ЛГБТ-ны насихаттайды.
"Мұндай митингілер Қазақстанда алғаш рет 2016 жылы басталған. Сол жылдары 5-6 адам болып шыққандар қазір 3000-нан астам адам жинап пикет өткізіп жүр. Феминистік ұйымдардың соңы Ирандағыдай феминистік көтеріліске әкеп соқпайтынына кім кепіл?", деді Бағила балтабаева шара басында.
Ал Марат Тоқашбаев ЛГБТ саясатын адамзатты жоқ қылу үшін ойлап табылған саясат деп айыптады.
"ЛГБТ-ның саясаты адамдарды болашаққа бастамайды. Олар адам тұқымын жоқ қылуды жоспарлап отыр. Енді сол саясатын Қазақстандағы жас ұрпақтың бойына сіңіргісі келеді. Бұл жас балалардың психикасын құртатын бүкіл адамзатқа қарсы ұйым", деді Марат Тоқашбаев.
Қоғам белсендісі Бағила Балтабаева Астанада өткен феминистік митингіде бірқатар жасөспірімдердің ЛГБТ-ның туын көтеріп жүргенін көрген.
"Ол жасөспірімдердің ата-аналары қайда қарап отыр? Кәмелетке толмаған балалар қолдарына бір-бір плакаттарын ұстап алып жүр. Еліміздегі мұндай митингілер мен пикеттерді "Feminita.kz" ұйымдастырады. Аталған ұйымның жетекшілері Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержан өздерін ашық түрде лесбиянка екенін айтып жүр. Осылайша олар феминизм мен әйел құқығының атын жамылып өз саясаттарын насихаттап жүр" деп пікір білдірді Бағила Балтабаева.
Ал Айдос Оразай болса аталған қазақстандық ұйымды шетелден қаржыландыратынын айтып қалды.
"Ұйымның жетекшісі Жанар Серкебаева алғашқыда үкіметке дат айтып, қоғамдағы мәселелерді көтеріп жүрген. ЛГБТ-ға кейін ауысты. ЛГБТ негізі адамдық нормаға жата ма жатпай ма? Еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің бір бірімен отбасы құруы тіпті адамдық нормаға жат. Олардың мақсаттары – ұлтты құрту, адамзат санын азайту. Аттарының өзі жиіркенішті. Ұрпақты сақтап қалу үшін бұл бассыздықты тоқтатуымыз керек", деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір